19 желтоқсан 2014 19:42

Рубль құлдырағаннан кейін қазақстандықтар Ресейде қанша қаржы жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©globalnews.ca ©globalnews.ca

Экономистер қазақстандықтардың Ресейде соңғы бірнеше айда шамамен қанша қаржы жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экономистер қазақстандықтардың Ресейде соңғы бірнеше айда шамамен қанша қаржы жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экономист Олжас Құдайбергенов қанша қаржының жұмсалғанын ақша айырбастау пункттерінің мәліметі арқылы баламалы түрде ғана есептеуге болатынын айтты. "Егер солтүстік өңірлерді ғана алып қарасақ, бір айда қосымша сұраныс 40-50 миллион долларды құрады немесе соңғы екі айда - 80-100 миллион доллар. Мұны дүрлікпенің нәтижесі деуге болады. Жалпы алғанда 2014 жылы Ресейден келетін импорттың көлемі - 1,2 миллиард доллар, ал өткен жылы 1,5 миллиард доллар болған еді", - деді Құдайбергенов. 

Ал экономика шолушысы Денис Кривошеев басқа санды айтады. Оның есебі бойынша, қазақстандықтар Ресейде шамамен 20 миллиард доллар жұмсаған.

Бірақ Олжас Құдайбергенов бұл пікірге қарсы шығып отыр. "Бізде импорт мөлшері онсыз да көп және оны көбейту қиын. Тіпті сол автомобильдердің импорты автосалоннан келетін импортты тікелей алмастырады. Кейбір сарапшылар халықтың мүмкіндігін шектен тыс асырып жібереді, бірақ мәліметі жоқ", - деді ол. 

Өз кезегінде Кривошеев бұл соманың нақтыланатынын айтты. "Ең аз дегенде, қазіргі уақытта қазақстандықтар, жеке тұлғалар келісімшарт жасасу арқылы 20 миллиард доллар алып шықты. Мұнда мәселе ұзақ мерзімді келісімшарттарға да қатысты. Бұл сома әлі нақтыланады, тіпті біз қателессек те, бұл сомадан алшақтап кеткен жоқпыз. Қарап көрсек, Қазақстанның шекарасына жақын өңірлерде 1,5-2 миллиард рубль сатылған", - деді экономист.

"Біз шешімді әкетілген рубль бойынша мәліметке негізделе отырып жасадық, сонымен қатар таяудағы ресейлік өңірлердегі жылжымайтын мүліктің саудасы өсуін, автокөліктердің сатылымын есепке алдық, яғни орташа есебін алдық. Мұнда мәселе бағамның қолайлы екенін бәрі түсінген кезде, доллардың құны 45 рубль болғандағы кезеңі туралы болып отыр", - деді Кривошеев.

Оның айтуынша, бұл кезеңде қазақстандықтар "кейінге қалған сұраныс" деп аталып жүрген жағдайды іске асырды. 

"Ең қауіптісі - адамдар "кейінге қалған" сұранысты шекараға жақын облыстарда іске асырды, гауһар тас сатып алу үшін Алматыдан Мәскеуге ұшқандар жайлы да мәлімет бар. Алдағы үш айда жұмсайтын ештеңе де қалмайды", - деді ол.

Сарапшының мәліметінше, автокөлік, жылжымайтын мүлік және азық-түлік көп сұраныста болған.

"Қазіргі уақытта біздің тауарлар Ресейдегі тауардан 30-40 пайызға қымбат. Егер біз бағам айырмашылығын теңестірмесек, экономикамыздың дамуы үшін көп жылдар бойы жасаған еңбегіміздің күлі көкке ұшады. Көктемде ақпанда болған девальвацияның жеткіліксіз болғанын айтқан едім. Ең қолайлы бағам болуы үшін бір доллар 270 теңге тұруы керек", - деді Кривошеев.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-тарда Ресейдік шекараға жақын қалаларында қазақстандықтардың жаппай сатып алып жатқаны хабарланды. Олар қолма-қол ақшаға бәрін де: автокөлік, пәтер, тұрмыс техникасы және жиһаз сатып алып жатыр. 

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні доллар бағамы тарихта тұңғыш рет 80 рубль, ал евро 100 рубль деген шешуші деңгейден асқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети