13 қаңтар 2017 10:58

"Самұрық-Қазына" АҚ 2017 жылғы мұнай нарығына болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Самұрық-Қазына" АҚ 2017 жылғы мұнай нарығына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Самұрық-Қазына" АҚ 2017 жылғы мұнай нарығына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 2016 жылы мұнай-газ нарығы бірқатар сынақтарды басынан кешірді, жаһандық нарықтың құбылмалығы мен тұрақсыздығы жағдайды тіпті күрделендіріп жіберді. 2017 жылғы мұнай нарығын қалыптастыратын негізгі себептер 2016 жылдың аяғында-ақ орын алды деуге болады. Қараша, желтоқсан айларында ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің кездесуі өтті, бұл кездесу жаһандық инвесторларға 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспар құруға мүмкіндік берді. Мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 миллион баррель деңгейінде ұстап тұру келісімінің арқасында мұнай бағасы қарашада 5 пайызға, желтоқсанда 8 пайызға өсті.

Олардың айтуынша, ОПЕК мұнай өндіруді қысқартқанымен, оның орны АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 2017 жылы мұнай бағасының өсімі қалыпты болады, яғни, біздің базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

 Маңызды факторлар:

1.     Жаһандық өсім мен мұнайға сұраныс болжамы

Жаһандық экономикалық өсім мұнай нарығының келешегін болжаудағы маңызды фактор болып қалып отыр. Кейбір елдердің көрсеткіштері жақсы болғанымен, өзгелерде жағдай оңды емес. Десе де 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жоғары өсу қарқыны күтіліп отыр. ІЖӨ 2016 жылы 2,4-3,1 пайыз болса, 2017 жылы 2,8-3,4 пайызға өседі деп күтіліп отыр.

Мұнайға сұраныс 2017 жылы тәулігіне орташа есеппен 1,15 млн баррельге, яғни 96,5 миллион баррельге дейін артады (2016: тәулігіне +1,23 миллион). 2016 жылмен салыстырғанда өсудегі іркілістер АҚШ-та, Индияда, Еуропада байқалатын болса (баға икемділігінің төмендеуіне байланысты), Жапония мен Бразилияда сұраныс артады. Мұнай сұранысының артуына Қытайдың үлесі зор болады, 2016 жылғы сатылған көліктер санына қарасақ, жанармай пайдалану анағұрлым артатынын көрем

2.     ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің мұнай жеткізілімі

30 қарашада ОПЕК 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 миллион баррельге азайтуға, яғни тәулігіне 32,5 миллион баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Келісім мерзімі - алты ай. 2017 жылғы қысқартудың өзінде ОПЕК өндірісі 2016 жылғы қаңтардағы деңгейде қалады, бұл да, келісімдерге қарамастан, 2017 жылы ОПЕК күткен нәтижелер.

9 желтоқсанда ОПЕК-ке кірмейтін 11 ел, ОПЕК шешімініе қолдау ретінде 2017 жылы алты айға өндіріс көлемін тәулігіне 558 000 баррельге төмендетуді ұйғарды. Тиісінше, мұнай өндірісінің жалпы төмендетілген көлемі тәулігіне 1,8 миллион баррель болды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ОПЕК-ке кірмейтін елдердің өндірісі 2017 жылы тұрақталады. Өндіру Еуропа мен АзияТынық мұхит аймағында  төмендеп, оның орнын Бразилия мен Канадада артады. Болжам бойынша, өндіріс көлемі жағынан Канада ОПЕК-ке кірмейтін елдердің ішінде үшінші орынға шығады, яғни Бразилия мен Қазақстаннан кейін.

 

3. Мұнай бағасының икемділігі мен болжамдар

2017 жылғы мұнай бағасының икемділігі жоғары болады деп күтіледі. Бұл ОПЕК пен оған кірмейтін елдердегі тәуекелдер төмендеді, сондай-ақ геосаяси факторлар да мұнай бағасына әсер етіп жатыр.

ОПЕК-тегі өндірістің қысқаруы АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деп күтеміз.  Тақтатас мұнайы өндірісінің артуы мұнай бағасының өсуіне шектеу қояды. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. "Самұрық-Қазына" АҚ өкілдерінің айтуынша, 2017 жылы мұнай бағасының өсімі қалыпты болады, яғни, базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети