Санкциялар "соғысы" кімге қалай әсер етуде?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялары оған Мәскеудің қарымта жауап қайтаруы Еуропа елдеріне кері ықпалын тигізбей қоймады. Бұған қатысты кеше ғана Финляндияның үкімет басшысы Александр Стубб бұл санкциялардың осы елдің экономикасына ауыр соққы болатынын мәлімдеді. Бұл ретте ол «біздің елімізге 2015 жылға дейін созылатын құлдыраудың қаупі төніп тұр. Ал мұндай құлдыраудан кейін жалпы ішкі өнім деңгейін 2008 жылы көрсетілген өсімге дейін көтеру үшін бізге ең кемі 10 жыл керек болады. Бізді тағы бір рецессия күтіп тұр» деді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялары оған Мәскеудің қарымта жауап қайтаруы Еуропа елдеріне кері ықпалын тигізбей қоймады. Бұған қатысты кеше ғана Финляндияның үкімет басшысы Александр Стубб бұл санкциялардың осы елдің экономикасына ауыр соққы болатынын мәлімдеді. Бұл ретте ол «біздің елімізге 2015 жылға дейін созылатын құлдыраудың қаупі төніп тұр. Ал мұндай құлдыраудан кейін жалпы ішкі өнім деңгейін 2008 жылы көрсетілген өсімге дейін көтеру үшін бізге ең кемі 10 жыл керек болады. Бізді тағы бір рецессия күтіп тұр» деді.

Осылай деген фин елінің үкімет басшысы өз елінің қазіргі ахуалы терең дағдарыста тұрған 1990 жылдарды еске түсіретінін мойындап та отыр.

Батыс алаңдай бастады

Жалпы, әлемдік сарапшылардың пайымдауынша, бұл бір Финляндияның айналасында ғана жайт емес, Еуроодақ пен Ресей Федерациясының арасындағы «санкциялар соғысы» салдарынан Батыс тым алаңдап отыр. Себебі бұдан тек қана фин елі зардап шегіп отырған жоқ, бұл мәселенің өзге әлем елдеріне де кері ықпал ете бастағанын сарапшылар алға тартуда.

Марал Төртенова, Қазақстан-Ресей экономикалық университетінің магистрі, сарапшы маман:

- Мысалы, Грекия Ресейдің ауыл шаруашылығы тауарлары импортына салынған тыйымынан 180 миллион долларға шығын көрмекші. Осыған орай қазірде бұл елдегі оппозиция өкілдері Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын қатты сынға алды. Ал Нидерландының санкциялардан көретін шығыны 1,5 млрд доллар шамасында болғалы тұр. Сол сияқты Латвия өзінің ұлттық валютасымен есептегенде 55 млн қаржысын жоғалтады. Польшада ірімшік пен май өндірушілер айтарлықтай зардап шегеді. Қазірде Еурокомиссия Ресей Федерациясының қарсы санкциясы мен оның Еуроодақ елдерінің ұлттық экономикасына тигізетін залалын талқылауға арналған халықаралық сарапшылардың кездесуін ұйымдастырып отыр. Тіпті Еурокомиссия ауыл шаруашылығын өндірушілерге 400 млн долларға өтемақы беруді де жоспарлап отыр. Ал алдын ала есептелген болжамдарға сүйенсек, Ресей бұл елдерден келетін құны 7 млрд доллардың көлеміне дейін есептелген эскпортқа тоқтау салып отыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer