19 тамыз 2015 14:18

Сарапшы доллар бағамының көтерілуінің себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Теңгеге шаққандағы доллар бағамы ірі инвестордың KASE қор биржасындағы әрекетінің нәтижесінде көтерілді. Ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова айтты. Бүгін, 19 тамызда қазақстандық бірқатар банктің сайтында доллардың 194 теңгеге қымбаттағаны белгілі болды. 

Сарапшы KASE биржасындағы баға белгілеу таңғы сессия кезінде инвесторлардың бірінің долларды 197,00 теңгеге сатуды шешкенінен кейін жоғарылағанын айтты. "Алаңға ірі инвестор келген болуы мүмкін, ол өз позициясын нарықтан жоғары тіркегісі келді, нарық тәжірибесінде мұндай жағдайлар болып тұрады. Яғни ол тапқан табысын тіркеу үшін өзінде барды сатуы мүмкін. Ол долларды 197 теңгеге сатуды ұсынды", - деді Бодрова. Оның айтуынша, нарық өкілдері (банктер мен айырбас пункттері) KASE қорындағы сауда бағдарламасында болып жатқанды көрді де, сәйкесінше әрекет етті. Сарапш доллар бағамының апта соңына дейін доллардың бағамы 188,7-195 теңге аралығында құбылып тұратыны жайлы болжам айтты. 

Бодрованың мәліметінше, теңгеге шикізат бағасының түсуі де қысым түсіріп отыр. "Бұл теңгенің жағдайына және Қазақстан Ұлттық Банкінің тарапынан валюталық интервенция көлеміне әсер етпей қоймайды. Өз валютасының тұрақты болуына реттеушінің айтарлықтай шығындалып жатқаны түсінікті, оны сәл түсіру ақылға қонымды болар еді", - деді ол.

Еске салайық, Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов 2015 жылдың 15 шілдесінде жаңа валюта дәлізіне өткеннен кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамының таяу арада осыған дейінгі диапазонда қалатынын мәлімдеген еді. Ол алдағы маусымда доллардың 190 теңгеге көтерілмейтініне уәде берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети