10 ақпан 2014 15:17

Семейде кондитерлік фабрика іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа зауыт Жаңа зауыт

Семейде кондитерлік фабрика іске қосылды. Жаңа кәсіпорынның жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайды. Өндіріс көлемі бірінші кезек бойынша жылына 12 мың тонна болмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жобаны төрт кезеңде жүзеге асыру көзделіп отыр. Компания басшысы Мәди Өмірзақтың айтуынша, төртінші кезеңді 2015 жылы іске асыру жоспарланған. Кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істеген кезде жылына 22 мың тонна өнім өндірмек. Зауытта негізінен ұннан жасалған өнімдер өндіріледі. – Елімізде кондитерлік өнімнің 60 пайызы сырттан әкелінеді. Біздің мақсатымыз импорттың орнын толтыру, – дейді "Kondiz" ЖШС жетекшісі Мәди Өмірзақ. Қазіргі уақытта 200 жаңа жұмыс орны ашылды. Төртінші кезеңде 450 жұмыс орны болады деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 4 млрд. теңге. Айта кетейік, жаңа зауыттың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов, Парламент Сенатының депутаттары Талғатбек Абайділдин мен Сергей Плотников арнайы қатысып, кәсіпорынның операторлық, зертхана, ашытқы бөлімдерінің жарақтандырылуын, цех технологиясы мен қойма алаңын аралап, жұмысымен танысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети