Сербия Қазақстанмен ЕАЭО аясында Fiat автомобилін экспорттау мәселесін талқылады

28 Тамыз 2015, 18:37
1
Сербия Қазақстанмен ЕАЭО аясында Fiat автомобилін экспорттау мәселесін талқылады - © REUTERS
© REUTERS

Сербия Қазақстанмен ЕАЭО аясында Fiat автомобилін экспорттау мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сауда-экономикалық қарым-қатынас жөнінде үкіметаралық комиссия отырысын ұйымдастыру жайлы сөйлестік. Сербия үшін Еуразиялық Одақ аясында Fiat автомобилін экспорттау өте маңызды", - деді Сербия президенті Томислав Николич.

Ол екі ел арасындағы энергетика, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың болашағы зор екенін айтты.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасының әлсіз екенін, оны дамыту керектігін жеткізді.

"Сербия Республикасы - Қазақстан үшін маңызды серіктестердің бірі. Дегенмен, сауда-саттық деңгейі төмен. Біз ауылшаруашылық, фармацевтика, құрылыс, қайта өңдеу және транспорттық коммуникация салаларында серіктес болуды жоспарлап отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тараптар келесі жылы үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге келісті.

"Қазақстанда қазіргі кезде Сербия капиталымен құрылыс және сауда-саттық саласында 20 өнеркәсіп жұмыс істеп жатыр. Сербиялық компаниялар Алматыдағы метрополитен кешенін салуға қатысты, қазір Астанадағы құрылыс жұмыстарына қатысып жатыр", - деді Назарбаев.

Николич Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді және Астананың ауқымды даму қарқыны өзін тәнті еткенін айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай