22 сәуір 2015 12:15

Шетелден автомобиль әкелуге салынатын тыйым жеке тұлғаларға қатысты болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Bigpicture ©Bigpicture

Қазақстанда шетелден автомобиль әкелуге салынуы мүмкін делініп отырған тыйым жеке тұлғаларға қатысты болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовқа сілтеме жасап.


Қазақстанда шетелден автомобиль әкелуге салынуы мүмкін делініп отырған тыйым жеке тұлғаларға қатысты болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовқа сілтеме жасап.

"Көлеңкелі дилерлерге келсек, иә, біз мұндай шешімді дұрыс деп есептейміз. Бірақ біз жеке тұлғалардың импортын шектемеу керек деп есептейміз, шектеу қойылмайды. Ал, бірақ көлеңкелі дилерлерге келсек, олар қазіргі уақытта өз белсенділіктерімен Қазақстанда автоөнеркәсібі саласында бүгінде іске асырылып жатқан жобаларға зиянын келтіріп, қауіп төндіріп тұр. Жүздеген, миллиондардың, миллиардтардың бөлінгенін сіздер білесіздер, мыңдаған жұмыс орындары ашылды және біз мұндай жағдайда бұл саланы тастай алмаймыз. Сондықтан да қаржылай қолдау көрсетілді, сондықтан да тыйым "көлеңкелі" дилерлерге қатысты болуы мүмкін. Мен мұны заңды әрі дұрыс шара деп есептеймін", - деді Жақсылықов ОКҚ брифингінен кейін Tengrinews.kz тілшісінің жауабында.

Сонымен қатар, ол ЕАЭО елдеріндегі автомобильдерге бірыңғай бағаны қою бойынша жұмыстардың істеліп жатқанын айтты, бірақ нәтижелер жайлы айту, оның айтуынша, әзірше ерте. "Бірыңғай бағаларға келсек - бұл күрделі әрі көпмерзімді тапсырма. Жұмыс атқарылады, бірақ нақты бір нәтижелерді айту мүмкін емес. Мұндай жоспарлар бар, бірақ олар әлі ресімделмеді және көпмерзімді", - деді вице-министр.

Осыған дейін Қазақстанның ресми автодилерлерді лицензиялаудан өткізуге ниетті екені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети