29 қаңтар 2015 13:04

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік мекемелер сапасы беймәлім сүтті 1,5 миллиард теңгеге сатып алып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©worldpress.com ©worldpress.com

Шығыс Қазақстанның білім беру және денсаулық сақтау мекемелері сапасы беймәлім сүтті 1,5 миллиард теңгеге сатып алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Бородулиха ауданына барған жұмыс сапарында мәлімдеді.


Шығыс Қазақстанның білім беру және денсаулық сақтау мекемелері сапасы беймәлім сүтті 1,5 миллиард теңгеге сатып алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Бородулиха ауданына барған жұмыс сапарында мәлімдеді.

Орталық мәліметтерінше, Даниал Ахметов Бородулиханың жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, жауапты өкілдерге облыстағы әлеуметтік мекемелерді аудан комбинаттарында өндірілетін сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды. Облыс әкімі шетелдік азық-түліктің орнына отандық өнімдердің таралуының маңыздылығын айтты.

"Біздің облыста қазіргі уақытта білім және денсаулық сақтау салалары жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге сапасы белгісіз сүтті сатып алып отыр. Бұдан былай ондайға жол берілмейді. Ендігі кезекте әлеуметтік мекемелер сүт пен сүт өнімдерін өңіріміздегі арнайы сүт зауыттарынан сатып алатын болады. Бұл екі жаққа да тиімді", - деді ол.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының бірінің иесі Семей қаласында қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға жететін сүт өнімдерін қайта өңдейтін комбинатты тұрғызу туралы жоспарын айтып, Германиядан симменталь сиырлар әкелінетінін жеткізді. Бұған қатысты Даниал Ахметов асыл тұқымды сиырларды Еуропадан әкелу үшін арнайы мамандарды жіберуді тапсырды.

"Германияға сиырларды алуға барғанда міндетті түрде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан немесе жауапты орындардан кәсібін жетік білетін сала мамандары бірге барғаны дұрыс. Бізге қажетті ірі қаралар іріктеліп таңдалмаса, ол жақтағылар басқасын тиеп жіберуі мүмкін", - деді Ахметов.

Айта кетейік, Даниал Ахметов өзінің орынбасары Дүйсенғазы Мусинге сүт қабылдау бекеттерінде орналасатын инженерлік жүйелермен қамтылған, Ресейде шығарылатын модульдік ғимараттардың қондырғыларын Өскемендегі "Үлбі металлургиялық зауытында" шығаруды және сүт таситын жүк көліктерін сырттан сатып алмау үшін Семейдегі "СемАЗ" кәсіпорнында жабдықталған көліктерді құрастыру қажеттігін қарастыруды тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети