23 қыркүйек 2014 16:05

Табысы төмен отбасыларды табыс салығынан босата аламыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

Статистика агенттігінің есебінше, біздегі бай мен кедей арасындағы табыс табу айырмашылығы 6,1 есе болса, cарапшы мамандарының зерттеулерінше, бұл айырмашылық – 30 есе(!). «Осы іспетті жер мен көктей салыстырудан соң тұрмыстық табысы төмен отбасыларды табыс салығынан босату керек» дейді сарапшыларымыз. «Алаш айнасы» бүгін осы мәселені талдап көруді жөн көрді.


Статистика агенттігінің есебінше, біздегі бай мен кедей арасындағы табыс табу айырмашылығы 6,1 есе болса, cарапшы мамандарының зерттеулерінше, бұл айырмашылық – 30 есе(!). «Осы іспетті жер мен көктей салыстырудан соң тұрмыстық табысы төмен отбасыларды табыс салығынан босату керек» дейді сарапшыларымыз. «Алаш айнасы» бүгін осы мәселені талдап көруді жөн көрді.

Жалпы, табыс салығының арнайы кестесін енгізіп, кедей-кепшік үшін салық ставкасын төмендетуге қатысты мамандар «жеке табыс салығының алғашқы деңгейін 10 пайыздан емес, 0 пайыздан бастаған жөн» деп санайды. Шетелдердегі сияқты кірісі жылдық айлық есептік көрсеткіштен 15 есе төмен адамдар үшін салықтың нөлдік ставкасы қолданылуына қатысты сарапшылар «бұл үрдіс еліміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға айтарлықтай көмек болады» дейді.

Сөйтіп, мамандардың есебінше, жан басына шаққандағы табысы 15 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын отбасы мүшелерін табыс салығынан мүлде босату керек. Ал бұл біздің атқарушы биліктің қолынан келе ме? Жеке табыс салығын 10 пайыздан 0 пайыздық межегі түсіру қай елдердің тәжірибесінде бар? Табыс салығынан біз табысы төмен отбасыларды босата аламыз ба?

Меруерт Молдабаева, әлеуметтанушы:

– Бұл көктен салбырап түскен әдіс-тәсіл емес. Мұндай жеке табыс салығын 10 пайыздан 0 пайыздық межеге түсіруді Америка, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Канада тәрізді елдер қолданысқа әлдеқашан енгізді. Аталмыш елдер халқын ашқұрсақ етіп, бюджетінің жыртығын толықтыра алмасын әлдеқашан түсінді. Бізге де осы тәсілді қолданысқа енгізу керек. Бұл жерде басымдық беріп тағы бір сөз етер жайт, біздегі бай-манаптар мен кедей-кепшіктің табыс табуында 30 есеге дейін айырмашылық бар. Бұл – тіпті салыстыруға, теңестіруге келмейтін айырмашылық. Осы айырмашылықтарды ескере отырып, кедей-кепшікті табыс салығынан босатып, керісінше, бай-манаптарға салынатын табыс салығын 20-30-40 пайызға дейін көтеру арқылы бюджетке кіріс түсіруге болады. Әрине, бұған елдегі ауқаттылар, жоғары жалақы алатындар наразылық танытары даусыз. Бірақ біз әлеуметтік атаулы көмектен ада, отбасылық жағдайы төмен, тұрмыстық табысы өте аз халықтың еңсесі езілмесін десек, бұған ден қойып, табыс салығының арнайы жеке шкаласын дайындауымыз керек. Сол арқылы кедей-кепшіктерге жекелеген 0 пайыздық кесте дайындағанымыз жөн. Бұл біз көптен бері айтылып жүрген халықтың тұрмыс-тіршілігін теңестіруге жасалынған бірден-бір қадам болмақ. Әрине, бүгінде халықты еңбекпен қамту мақсатында біршама шаралар жасалып, бірнеше бағдарламалар қабылданды. Бірақ алыс шалғайдағы ауылдардағы жұмыссыздық мәселесі әлі де дендеп тұр. Отбасындағы бір ғана асыраушының тапқан табысына қарап отырғандар қаншама?! Міне, сол жандар мемлекеттік қолдауды сезінуі үшін «мұндай бастамаларды қоғам болып қолдау керек» деп есептеймін.

Рас, қазірде әлеуметтік бюджетсіз, салық салусыз экономикасын дүрілдетіп отырған елдер де бар. Бірқатар елдер табиғи байлықтың арқасында байып, салықтан түсетін түсімге қарап отырған жоқ. Ал біз үшін маңыздысы...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети