Таяу Шығыстағы ахуал: мұнай бағасы күрт көтерілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Таяу Шығыстағы ахуал: мұнай бағасы күрт көтерілді Фото:depositphotos.com

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы фонында мұнай бағасы қайта өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы фонында мұнай бағасы қайта өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметтерге сәйкес, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 14,57 пайызға өсіп, барреліне 100 доллардан асты. Бұл көрсеткіш Астана уақыты бойынша сағат 7:50-дегі сауда деректерінде тіркелген.

Реклама
Реклама

Ал WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 14,06 пайызға өсіп, барреліне 95,18 долларға жетті.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты. Ирандағы қақтығыстың ушығуына байланысты Brent бағасы шамамен 116–119 долларға дейін жеткен. Бұған Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімдерінің тоқтап қалу қаупі негізгі себеп болған. Ал 10 наурызда баға төмендеп, барреліне 95 доллардан төмен түсе бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама