21 шілде 2015 11:08

Таяуда мұнайдың бағасы күрт құлдырауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hi-news.ru © hi-news.ru

Алдағы уақытта мұнайдың құны күрт құлдырауы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Қазірдің өзінде мұнайдың бағасы осымен үшінші апта қатарынан құлдилап келеді.


Алдағы уақытта мұнайдың құны күрт құлдырауы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Қазірдің өзінде мұнайдың бағасы осымен үшінші апта қатарынан құлдилап келеді.

Телеарнаның мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 56 доллар 32 центке тең. Ал WTI мұнайының тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне - 50 доллар 35 цент. Мұнай бағасының бұлай әлсіреуіне Иранның тікелей қатысы бар. Өйткені, ол мемлекеттің ядролық бағдарламасы бойынша, санкциялардың кейбірі күшін жойып, мұнайдың әлемдік нарығына соққы болуы мүмкін.

"Ираннан санкциялар алынған кезде, әлбетте олар өз мұнайын сата бастайды. Өндірістері барреліне шамамен 1 миллион доллар болады. Мұнайдың көлемі нарыққа әсер етеді. Сондықтан, қара алтын құны арзандай бастайды. Болжам бойынша, мұнай бағасы 1 барреліне 50 доллар болуы мүмкін. Бұл мұнай өндіруші және тасымалдаушы елдердің бюджетіне кері әсерін тигізеді", - дейді экономист Уәлихан Төлешов.

Айта кетейік, сарапшылар жақын арада, мұнайдың құны түспесе, көтерілмейтінін айтып отыр. Әлемдік нарыққа Иран мұнайдың мөлшерін көптеп шығарса, WTI және Brent маркалы қара алтынының құны құлдырайды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети