Теңге антирекорд жаңартты

11 Қыркүйек 2015, 08:52
4
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алматының айырбас пункттерінде 10 қыркүйекте кешкі уақытта теңгеге шаққандағы доллар бағамы теңгенің ауытқу бағамына түскенінен кейін аталып кеткен "қара бейсенбінің" көрсеткішінен асып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айырбас пункттерінің көпшілігінде бір доллардың құны - 258 теңге, сатуға - 260 теңге. Ең жоғарғы көрсеткіш MIRVAN LTD айырбас пунктінде тіркелді: сатып алу - 259, сату - 261. Ал ең төменгі көрсеткіш "ТАС-ПВ EXCHANGE" ЖШС айырбас пункттерінде: сатып алу - 254, сату - 256.

Осылайша өзінің антирекордын жаңартты. Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай