27 ақпан 2018 11:43

Теңге бағамы сегіз ай бұрынғы көрсеткішке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 318,58 теңгеге тең болды. Еске салайық, осындай теңге бағамы өткен жылдың маусым айында тіркелген еді.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 318 теңгемен өтті. Максималдық құны - 318,80 теңге болды, ал минималдық құны - 318 теңге. Сауданың жалпы көлемі 45,1 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 317-319,8 аралығында.

Астана уақытымен 11.20-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 67,17 доллар болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети