11 наурыз 2014 17:09

Теңге нығая бастайды - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Жақын арада ұлттық теңгеміз нығая бастамақ. Бұл жөніндеTengrinews.kz тілшісіне валюталар нарығындағы сарапшы маман Анна Бодрова мәлім етті. Сарапшы маманның айтуынша, наурыз айының алғашқы аптасында-ақ теңгеге қатысты түзілу нығая бастаған. "Теңге таразы басын басып, өткен аптада яғни 3-10 наурыз аралығында доллар арзандап бір доллар 180-182 теңгені құрады. Ұлттық банктің ұстанып отырған позициясына сай теңгенің нығаюйы әлі де жалғаса береді" дейді Бодрова. Сондай-ақ Бодрова осы апта да (10-16 наурыз) ұлттық валютамыз теңге үшін жайлы болатынын атап өтті... Сарапшының пайымдауынша, осы аптада да доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 180-182 теңгенің айналасында түзіледі. Ал еуро 249-253 теңгені құрамақ. Рубль болса 5,00-5,25 теңгені құрамақ. "Әзірге теңгенің одан әрі құнсыздануына ешқандай ішкі экономикалық себептер жоқ. Енді Ресей-Украин дағдарысының шешілуін және оның рублдің бағытына қалай әсер ететінін күту керек. Болашақта теңге Ресей валютасымен салыстырғанда 02, 05 пайызға нығаюы мүмкін" дейді ол. Айта кету керек, Қазақстан қор биржасында 11 наурыз күні доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 182,07 теңгені құрады. Қор нарығындағы күндізгі сессия бойынша бір доллардың құны 182,10/182,14 теңгені құраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети