© Амир Абдулхаимов
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 24 шілдедегі таңғы саудасында 344,54 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 24 шілдедегі таңғы саудасында 344,54 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
24 шілдедегі таңғы сауданың максималдық құны 345,00 теңге болды, ал минималдық құны - 344,20 теңге. Сауданың жалпы көлемі 159,1 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 344,5-345 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 11.08-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 72,7 доллар болды.