Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 312,13 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 312,13 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
5 сәуірдегі таңғы сауданың бірінші келісімі 312,6 теңгемен өтті және осы ең максималдық құны болды. Ал минималдық құны - 311,98 теңге. Сауданың жалпы көлемі 62,4 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 311,5-312,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.