© Амир Абдулхаимов
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 12 қазандағы таңғы саудасында 334,25 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 12 қазандағы таңғы саудасында 334,25 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
12 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 334,70 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды. Ал минималдық құны 334 теңгеге тең. Сауданың жалпы көлемі 97,550 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 333-337,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мұнай бағасы 12 қазанда Астана уақытымен сағат 11.01-де Brent маркалы мұнайдың барреліне 56,63 доллар болды.