KASE қор биржасының 20 маусымындағы таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 340,64 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал 19 маусымдағы күндізгі сауда бойынша валюта бағамы долларына 340,36 теңге болған еді.

20 маусымдағы таңғы саудадағы бірінші келісім 340,85 теңгемен жасалды. Максималдық құны да осы болды. Ал минималдық құны - 340,50 теңге. Сауда көлемі 15,7 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 337,5-343 теңгеге бағаланып отыр. Астана уақыты бойынша сағат 11.15-те Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 75,33 доллар болды.
Еске сала кетейік, ұлттық валюта 15 маусымнан бері әлсіреп жатыр. 15 маусымда ұлттық валютаның бағамы долларына 335,94 теңге болған еді.