25 ақпан 2014 | 11:39

Теңгенің құнсыздануына байланысты Ұлттық қордан бір триллион теңге бөлу керек - "Казпотребнадзор"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tengrinews.kz сайтынан алынды Фото tengrinews.kz сайтынан алынды

"Казпотребнадзор" қоғамдық бірлестігі теңгенің құнсыздануына байланысты Қазақстан экономикасын қолдау үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 11-ақпанда теңге құнсызданып, доллардың бағамы 185 теңгеге көтерілген болатын. Аталмыш ұйымның пікірінше, бөлінген қаражат Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының кеміген ақшасының өтемақысына бағытталуы тиіс және еңбекке қабілетті, сондай-ақ, тұрақты табысы жоқ азаматтардың коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жеңілдік жасауымыз керек. Теңге құнсызданған мезеттен бастап, жинақтаушы соммасына 3 миллион теңгеден кем емес өтемақы жасалуы тиіс. "Бюджет шығынын ойтайландыру мақсатында мемлекеттік органдар құрылымдарының және ұлттық компаниялардың штаттық санына тексеріс жүргізуді ұсынамыз. Теңгенің құнсыздануынан кейін қысқартуға мемлекеттік орган құрамының басшылары ілігуі тиіс, алайда оның штаты өсіп, ал қысқартуға тек қатардағы қызметкерлер ғана ілігіп кетеді. Энергия ресурстарды экспорттаушыларды еңбекпен қамту, денсаулық және білім секілді ауқымды әлеуметтік жобаларға міндетті түрде тартуымыз керек. Бұл ретте бөлінген қаражаттың мөлшері қай компанияның болса да тиімділігіне бекітілуі керек", - деп хабарланған. Еске сала кетейік, 11-ақпанда теңге құнсызданып, доллардың курсы 185 теңгеге өскен болатын. Бұл азық-түлік, тұрмыстық техника және автокөлік бағаларының 20-30 пайызға көтерілуіне алып келді. Тіпті Алматыда теңгенің құнсыздануына байланысты рұқсат етілмеген митингтер өтіп, салдарынан қатысушылар ұсталып, оларға айыппұл салынды. Теңгенің құнсыздануы үш банктің банкроттығына қатысты халыққа арандатушылық хабарламалар таратуға алып келді. Салымшылар жедел түрде өздерінің жиған қаражаттарын алды. Алайда Ұлттық банк жағдай бақылауда тұрғанын, еліміздегі барлық банктер қолма-қол қаражатты беруге шамасы жететіндігін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети