13 наурыз 2014 16:51

Трансформатор зауытының жұмысы жанданып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©gosexpertiza.kz ©gosexpertiza.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында ашылған Трансформатор мен оның жабдықтарын шығаратын кәсіпорында 1300-ден астам адам жұмыс жасап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздегі моноқалаларды дамыту бағдардарламасына енген Кентау қаласының кәсіпкерлері "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан төмен пайызбен 1 милиард 200 миллион теңге көлемінде несие алып, трансформаторлық жабдықтар мен электро-техникалық тауарлар шығаратын цехті іске қосқан еді. Осының нәтижесінде, жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Бүгінде мамандардың біліктілігін арттыру әрі жастарды оқыту мақсатында зауыт жанынан көпсалалы колледж жұмыс жасауда. Сөйтіп теориялық білім мен тәжірибені ұштастырған 60-70 жас маманды жыл сайын жұмысқа қабылдауда. "Кентау трансформатор зауыты" АҚ атқарушы директоры Серғазы Күнтуаровтың айтуынша, зауыт еліміздегі осы тауарға қажеттіліктің 70 пайызын қамтып, қалған 30 пайызын алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығаруда. Қажетті өнімдердің 20 пайызын шетелдерден тасымалдайтын зауыт алдағы уақытта қосалқы бөлшектердің барлығын өздері дайындамақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети