26 қараша 2018 09:00

Түркістан облысында білім беру үдерістерін цифрландыру алғаш рет жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында білім беру үдерістерін цифрландыру алғаш рет жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында білім беру үдерістерін цифрландыру алғаш рет жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2018 жылы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың шешімімен 54 000-нан аса бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары мектептегі бос орындар, қажетті құжаттар тізімі, өтініштер жазу және басқа да үдерістер бойынша көп уақытын жұмсаудан босатылды. Оның орнына олар mektep.sitcen.kz порталы арқылы мектепке қабылдануға өтінім берді және ол үшін тек 10 минут уақытын жұмсады.

"Осы жылы мен ұлымды Түркістан облысы Отырар ауданындағы Ш. Қалдаяқов атындағы гимназия-мектебіне mektep.sitcen.kz. сайты арқылы тіркедім. Сайтты пайдалану өте ыңғайлы. Әр мектепке барып, құжаттарды жинаудың еш қажеттілігі жоқ. Қаланың кез келген нүктесінде мектептің орналасқан жеріне қарамастан тіркелу мүмкіндігі бар. Тек телефон мен Интернетті қолдана отырып, SMS арқылы тіркелуге болады. Қандай да бір қиындықтарсыз, қысқа уақыт ішінде баламды тіркедім. Сайтты жасаушыларға көп-көп рақмет!", - бірінші сынып оқушысының анасы Айжарықова Гаухар өз эмоцияларын осылай бөлісті.

"Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары біздің облыстың білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың тиімділігін сезінді, себебі енді балабақшаға кезекке тұру немесе өз кезегіңіздің нөмірін balabaqsha.sitcen.kz. сайтына кіріп, көруге болады. Білім беру үдерістерін автоматтандыру білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне де қатысты болды. Енді барлық бос жұмыс орындары jumys.sitcen.kz сайтында жарияланады және оларға түйіндеме мен барлық қажетті құжаттарды ұсына отырып, кез келген адам жауап бере алады. Бұл жерде үміткер онлайн тестілеуден өтіп, өзінің осы мамандыққа сәйкестігін растап, оның кандидатурасын тәуелсіз комиссия қарайды және оның құрамы кездейсоқ тәртіптік жүйемен қалыптастырылады. Осылайша жұмысқа қабылдау процесі ашық және объективті түрде өтеді", - дейді Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов.

"Цифрландыру сапасын бағалау аясында Президент Әкімшілігінің Басшысы автоматтандыру бойынша ең табысты аймақтық тәжірибелердің 32 жобасын іріктеп алды. Оған тек білім беру жүйесі ғана емес, барлық салалардың жүйелері енгізілген. Бұл тізімге біздің 2 портал енгізілді – mektep.sitcen.kz және jumys.sitcen.kz", - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова.

Соңғы 4 айдың ішінде порталда 5 000-нан аса бос жұмыс орны жарияланды, 4 873 үміткер өз түйіндемелерін жіберді, оның ішінде 2 013-і тестілеуден өтіп, тәуелсіз комиссияның қорытындысын алды, ал 1 085 маман жұмысқа қабылданды. Бұл білім беру саласын цифрландыру жолындағы алғашқы қадамдар ғана.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети