Үкімет Қазақстанның бес жылдық даму жоспарын мақұлдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстан Үкіметі еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Үкіметі еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, 2015 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) шамамен 5 пайыздық өсімді көрсетсе, бұл меже 2019 жылға қарай 6,5 пайызға жеткізілмек. Бұл еліміздің ЖІӨ-і 2015 жылы 45 триллион, ал 2019 жылы 72,8 триллион теңгеге жетеді деген сөз. 2015 жылы ЖІӨ еліміздегі әр тұрғынның жан басына шаққандағы көрсеткіші 13,9 мың долларға тең келсе, ал ол меже 2019 жылға қарай 21,4 мың долларға дейін көтерілмек.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына қарағанда, ел аумағынан шет елдерге тасымалданатын экспорт көлемі 2019 жылы 14,3 миллиард долларға артса, ал сырттан келетін импорт көлемі 7,7 миллиард теңгеге ұлғаймақ. Ұлттық банктің болжауынша, 2019 жылға дейін инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығында болады екен.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, бұл болжамдар еліміздің 2014 жылғы жарты жылдықта жеткен даму көрсеткіштері негізінде әзірленген. 

Оған макроэкономикалық болжамдар мен 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік көрсеткіштерді жүргізіліп отырған экономикалық саясатты қосыңыз. Сырттан келетін импорттың әсерінен республикалық бюджетке түсетін қаржы көлемі де артпақ. Нақтырақ айтқанда, ол 2015 жылы 4 триллион 338,4 миллиард теңгені құраса, ал 2017 жылы ол көрсеткіш орта есеппен 5 триллион 147,7 миллиард теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer