31 қазан 2014 09:48

Украина Қазақстанның газын тікелей сатып алуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kursiv.kz ©Kursiv.kz

Украина қазақстандық газды тікелей сатып алуға дайын (Ресейдің делдал болуынсыз - Авт.). Бұл туралы "Астана" арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы Украина істері бойынша сенімді өкіл Юрий Лазебник мәлімдеді.


Украина қазақстандық газды тікелей сатып алуға дайын (Ресейдің делдал болуынсыз - Авт.). Бұл туралы "Астана" арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы Украина істері бойынша сенімді өкіл Юрий Лазебник мәлімдеді.

"Ресей Украинаға газ жеткізіп, қайырымдылық акциясын өткізіп жатқандай иллюзия болмасын. Украина ресейлік газға қаншалықты қызығушылық танытып отырса, Ресейдің де Украинаға өз газының сату нарығы ретінде қызығушылығы бар. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағанда энергетикалық құрылымға рұқсат алады және газды қайда қаласа, сонда жеткізе алады. Қайталап айтамын - Украина Қазақстан газын тікелей сатып алуға дайын", - деді ол.

Дипломаттың айтуынша, ресми Киев 2018 жылы Еуропаның кейбір елдері мен Ресей Украинаға 30 пайыз газдан асырып жеткізбеуіне тырысады. Сонда Мәскеу "монополист болудан қояды". Лазебниктің айтуынша, бұл тапсырмамен Жоғарғы Радада құрылып жатқан парламенттік коалиция айналысады.

Айта кетейік, "Әлемдік энергетиканың статистикалық шолуында" сәйкес, Қазақстан табиғи газ қоры бойынша әлемде 21-орында (1,3 трииллион текше метр).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети