28 қаңтар 2015 12:45

Украинаның оңтүстік-шығысы мен Қазақстан арасында сауда-саттық тоқтаған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ru.wikipedia.org ©ru.wikipedia.org

Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы сол күйі сақталып отыр. Еліміз Украинаның оңтүстік-шығысымен де сауда байланыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рауға сілтеме жасап. 


Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы сол күйі сақталып отыр. Еліміз Украинаның оңтүстік-шығысымен де сауда байланыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рауға сілтеме жасап. 

"Украинадағы ахуалдың қаншалықты қиындығына қарамастан, бәрібір бізбен арада тауар айналымы сақталып келеді, себебі толымдаушы тауар мен шикізаттың жартысының өзі Украинадан жеткізіледі, сол сияқты біз де тауар жеткізіп отырмыз. Украинадағы дағдарыстың бір күні аяқталатыны анық. Турасын айтсам, бүгінде біздің министрлік пен Украинаның арасында машина жасау бойынша 15 жоба бар. Олар бізбен қарым-қатынас жасаудың жолдарын іздеп жатыр, мен оны жеке өзім қадағалаймын, 15 жобаны облыстарға бөлеміз. Қазақстанның машина жасау кәсіпорындары арасынан серіктестерді іздейміз", - деді Рау Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағына мүше емес ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою туралы келісімін ратификациялауға қатысты заң жобасын түсіндірген кезінде. 

"Бірақ бәрі техника мәселелерімен, соның ішінде сертификациямен байланысты. Мен Украина ТМД елдері арасында Кеден одағы техрегламентіне қызығушылық танытатын бірінші ел бола алады деп есептеймін, өйткені олар өз тауарларын, соның ішінде толымдаушы тауарларын насихаттауға мүдделі", - деді Альберт Рау "Кеден одағының техникалық регламентін қолдануға нақты қандай елдер және қандай негізде мүдделі?" деген сұраққа жауап беріп. 

"Біз Украинаға әдеттегідей кокс жеткізуді жалғастырып отырмыз, ол жақтан толымдаушы тауарлардың легін аламыз. Әрине, құлдырау бар, кешіріңіздер, ол жақта анадай жағдайлар болып жатыр, соған қарамастан, бізге керегі келіп жатыр, Украинаның оңтүстік-шығысынан тауарлар жеткізіліп жатыр", - деді вице-министр журналистерге. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети