13 наурыз 2018 11:04

Ұлттық Банк "7-20-25" бағдарламасын әзірлеуге кірісті - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dvinatoday.ru © dvinatoday.ru

Ұлттық Банк "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық Банк "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Ақышев бағдарламаны әзірлеген кезде ең алдымен өткен бағдарламалардың тәжірибесіне көңіл аудару қажет екендігін атап өтті.

"Қазақстанда 2000 жылдардан бастап тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыруды ынталандыру мен ипотекалық кредиттеу жүйесін дамытудың түрлі тәсілдері қолданылды. Мысалы, 2000 жылдары іске қосылған ипотекалық кредиттерді секьюритилендіру жүйесі. Бұл төлем жасау қабілетіне сұраныс қазіргіден көп төмен болған жылдары ипотекалық кредиттеуді дамытуға нақты түрткі болды. Сонымен бірге тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі іске қосылды. Ол өзінің өміршеңдігін дәлелдеді", - деді Данияр Ақышев.

Қаржы реттеушісінің басшысы қазіргі уақытта Нұрлы жер Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылып жатқандығын атап өтті. Ол ипотека мен тұрғын үйдің құнын арзандатуға бағытталған.

Сондай-ақ, Ақышев қолданыстағы қаржы инфрақұрылымының мүмкіндіктерін халықпен жұмыс істеу кезінде пайдалануға назар аудару қажет екендігін атап өтті.

"Банктердің ғана халықпен жұмыс істеу тәжірибесі бар екені және ипотекалық кредиттеу бойынша жаппай қызметтер көрсете алатыны анық. Бұл болашақ бағдарламаның барынша қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан Ұлттық Банк өткен жылдардың неғұрлым сәтті тәжірибесін пайдаланып, Мемлекет басшысы айқындаған талаптармен "7-20-25" бағдарламасын іске қоспақшы: жылдық 7пайызбен 25 жылға, 20 пайыз бастапқы жарнамен. Ең бастысы, ипотекалық кредиттерді секьюритилендірудің міндетті тетігімен екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекалық кредиттеудің нарықтық қағидаттарын пайдалану", - деді Данияр Ақышев.

Қорытындылай келе ол жылжымайтын мүлік бағасының құлдырауымен қатар, қарыз алушылардың кредиттік тәуекелін жете бағаламаудың ипотекалық қарыз алушыларды, әсіресе, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғау қажеттілігіне әкеп соққан жағымсыз тәжірибесін ескеру қажет екендігін атап өтті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы тұрғын үй ипотекасын қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25" бағдарламасын таныстырған болатын.

"(...) Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек.", - деп түсіндірген еді Назарбаев.

Ал кейінірек 7 пайыздық жаңа ипотеканың механизмі қашан дайын болатыны айтылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети