Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк Астананың 7 айырбас пунктінде заңбұзушылықты анықтады

27 Тамыз 2015, 15:33
3
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк Астананың 7 айырбас пунктінде заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің Орталық филиалының директоры Ғазиз Шегенов Астанадағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.  

"Ұлттық банк теңгенің еркін ауытқу бағамына өтуіне байланысты айырбас пункттерін бақылау бойынша жұмыстарын күшейтті, нақтырақ айтсақ, мониторинг жүргізіліп жатыр. Астананың өзін алып қарасақ, мониторинг кезінде айырбас операцияларын жүргізуді ұйымдастыруда 7 заңбұзушылықты анықтадық. Жеті деректің ішінде бүгінде үшеуіне құзырлы ұйымдарға жазбаша түрде ескерту жасалды, екі дерек бойынша міндеттеме хаты талап етілді, сонымен қатар банктердің бірінің филиалына қатысты сату мен сатып алу бойынша айырманы сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Осы дерек бойынша айтар болсақ, долларды сатып алу бағамы 2,51-ден асқан, ал негізі екі теңгеден аспауы керек еді, ал евро 3,81 теңгеден сатылған, ал заң бойынша 3 теңгеден аспауы тиіс", - деді Шегенов. 

Оның айтуынша, валюталарды айырбастауды ұйымдастырудағы ереженің бұзылған жағдайында Ұлттық банктің бұл ұйымдардан міндеттеме хат талап ете алатынын, жазбаша түрде ескерту жасай алатынын түсіндірді. Бұл шаралармен қатар, Ұлттық банк санкция қолдана алады, лицензияны қайтарып алуға немесе қосымша енгізе алады. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай