14 наурыз 2016 17:45

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалу туралы шешім қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені пайыздық мөлшерлемелердің +/- 2 пайыздық тармақ болатын симметриялық дәлізімен 17 пайыз деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені пайыздық мөлшерлемелердің +/- 2 пайыздық тармақ болатын симметриялық дәлізімен 17 пайыз деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлемелер өтімділік беру 19 пайыз деңгейінде және өтімділікті алу 15 пайыз мөлшерінде сақталды.

"Базалық мөлшерлеме деңгейі туралы шешім қабылдау кезінде баға тұрақтылығын, қаржы тұрақтылығына қолдау көрсетуді және экономиканың өсу перспективаларын қамтамасыз ету тәуекелдері ескерілді. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейін экономиканың баяулауы жағдайында сақтау теңгемен активтерге деген сұранысқа қолдау көрсету қажеттілігін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Ішкі қаржы нарығындағы ахуал банк салымшыларының валюталық қалауындағы тұрақтылықты көрсетеді - банктерде депозиттерді долларландыру процесі тоқтады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2016 жылғы ақпандағы қорытынды бойынша инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 15,2 пайызды құрады. Инфляция серпінін айқындайтын факторлар бұрынғысынша қалды. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылы жылдық инфляция екінші жартыжылдықта баяулап, жылдың соңына қарай нысаналы 6-8 пайыз дәліздің жоғарғы шегіне жақындайды деп күтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 2016 жылдың 5 мамырында жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети