Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк бірыңғай валюта жөнінде пікір білдірді

13 Қараша 2015, 08:28
3
Ұлттық банк бірыңғай валюта жөнінде пікір білдірді. © nb.kz
Ұлттық банк бірыңғай валюта жөнінде пікір білдірді. © nb.kz

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес. Бұл туралы "Астана" арнасы жолдаған сауалға берген еліміздің Ұлттық банкінің жауабында айтылады.

"Интеграциялық бірлестікке мүше елдер ортақ валюта енгізу үшін, бірдей валюталық, ақша-несие саясатын жүргізу керек. Оған қоса Еуроодақ тәжірибесіне сәйкес салық-бюджет саясаты да бірдей болуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құрылымы мен экономикалық ерекшеліктері, ақша-несие, салық-бюджет саясаттарының айырмашылықтары, төлем қабілетінің, табиғи ресустарының әр түрлі болуы ортақ валюта енгізуге мүмкіндік бермейді. ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу талқыланған емес", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ валютасының "евраз" деп аталуы мүмкін екендігін айтқан болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай