Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк ЕАЭО-да ортақ валюта пайда болады делінген қауесетті жоққа шығарды

16 Қыркүйек 2015, 15:25
0
© vk.com
© vk.com

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері ЕАЭО-да "алтын" ұлттық валютасын енгізу жайлы қауесетті тағы да жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Анель Дәулетқалиеваға сілтеме жасап. Оның айтуынша, бұл қауесеттер "күлкілі".

Мұндай мәлімдемелерді белгісіздер Қазақстанда доллар бағамы 300 теңгеден асқанда жібере бастады. "Бұл үшін ең кемі келісімшартқа (халықаралық - Авт.) қол қойылуы керек. Бізде мұндай мәлімет жоқ. Біз бұл туралы білер едік. Бұған дейін, естеріңізде болса, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкин бірыңғай валюта енгізу мәселесін "алыс болашақтағы" іс деп атаған болатын", - деді Дәулетқалиева. Оның айтуынша, қаржы реттеушісінің өз құрамында мұндай қауесеттерге әрекет ететін арнайы бөлімшелер бар. 

Еске салайық, 2015 жылдың 22 сәуірінде Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ брифингінде Қазақстанның ЕАЭО аясында бірыңғай ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеген болатын. "Қазір ақпарат кеңістігіндегі ең маңызды тақырыптардың бірі - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен қаржылық-валюталық ынтымақтастық құруы. Айта кету керек, Қазақстан ЕАЭО аясындағы ұлттық бірыңғай валюта енгізуде анық және жүйелі орын алады. Біз бұл сұрақты талқыламаймыз. ЕАЭО келісім-шартында бірыңғай ұлттық валюта енгізу қарастырылмаған және ондай жұмыс істелмейді", - деді Жақсылықов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай