21 маусым 2017 16:11

Ұлттық банк өкілдері теңгенің долларға қатысты бағамы неге әлсірегенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк өкілдері теңгенің долларға қатысты бағамы неге әлсірегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк өкілдері теңгенің долларға қатысты бағамы неге әлсірегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының бір баррель үшін 46 доллар деңгейге дейін және одан аз төмендеуі нарықтағы ұсыныстың болжамды артықшылығы бойынша жаңалықтар аясында орын алуда. Оның айтуынша, Ливиядағы мұнайдың ұлғайып келе жатқан өндірісі және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықта ұсынысты төмендету бойынша ОПЕК шараларының табыстылығына күмәндануға мәжбүр етті. "Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы болжанғаннан гөрі ұзағырақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады", -  деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық валютаның әлсіреуі Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас басқа елдерде де байқалып отыр. "Аптаның басынан бастап мұнай бағасының оң түзетуі бар мынадай валюталардың кейбір төмендеуі болды: 19 маусымда күн жабылғаннан бастап ағымдағы сәтке дейін теңге шамамен 2,3 пайызға, Ресей рублі 2.7 пайызға; Канада доллары 0.5 пайызға; Бразилия реалы 1.4 пайызға, Норвегия кронасы 0.7 пайызға төмендеді. Жұмадан бастап теңге 3 пайызға, Ресей рублі 4 пайызға, Канада доллары 0.6 пайызға, Бразилия реалы 1.1 пайызға, Норвегия кронасы 1.4 пайызға құлдырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз кезегінде валюта нарығындағы ахуалды қадағалауын жалғастырып отыр және артық құбылмалылықты реттеу жөнінде шаралар қабылдау құқығын өзіне қалдырып отыр.

2015 жылғы 20 тамызда валютаның еркін өзгермелі бағамының режиміне өткен сәттен бастап ұлттық валютаның айырбастау бағамы нарықтық болып табылады және валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұл қаржы секторындағы теңгерімсіздіктіңжинақталмауына, сондай-ақ экономиканың сыртқы факторлардың өзгерістеріне орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.                                                                         

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети