07 қыркүйек 2017 11:59

Ұлттық банк тамыз бен қыркүйекте жүргізілген интервенциялар жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2017 жылдың тамыз айында ҚР Ұлттық банкінің нетто-интервенциясының көлемі 70 миллион долларды болды. Интервенциялар қыркүйек айының бірінші аптасында жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2017 жылдың тамыз айында ҚР Ұлттық банкінің нетто-интервенциясының көлемі 70 миллион долларды болды. Интервенциялар қыркүйек айының бірінші аптасында жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 10 күнде - 2017 жылғы 21 тамыз - 6 қыркүйек аралығында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2,6 пайызға әлсіреді. Бұл банктердің, компаниялардың және халықтың тарапынан шетел валютасына деген сұраныстың ұсыныстан асып кетуі салдарынан орындалды. Айтуларынша, теңгенің еркін өзгермелі бағамы және Ұлттық Банктің валюталық сауда-саттық қақатысуын барынша азайту жағдайларында мұндай жағдай бағамның автоматты түрде әлсіреуіне әкеледі

"Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын айқындайтын тұрақты іргелі факторлардың аясында (сауда әріптес елдердегі мұнай бағасы және валюта бағамдары) жекелеген сарапшылардың мәлімдемелерімен ушыққан девальвациялық күтулер теріс әсерін тигізді", - делінеді хабарламада.

Банктегілердің мәліметінше, 5-6 қыркүйекте валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды.

Сондай-ақ, Ұлттық Банктің болжамынша, мұнай бағасы бір баррель үшін 50 АҚШ долларынан төмендемесе, ал Ресей рублінің бағамы бір АҚШ доллары үшін 59-60 рубльден аспаса, теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы ағымдағы деңгейде сақталады.

"Айырбастау бағамының ағымдағы деңгейі рубльге қатысты жеткілікті бағаланбай отыр, бұл оны түзету үшін алғышарттар жасайды", - дейді банктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети