28 тамыз 2018 16:32

Ұлттық валюта әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Амир Абдулахимов © Амир Абдулахимов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 361,35 теңгеге тең болды. Еске салайық, таңғы сессияда доллар бағамы 361,22 теңге болған еді.

Күндізгі сауданың бірінші келісімі 360,9  теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 361,8 теңге. Сауданың жалпы көлемі 65,7 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 359,5-362,7 аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 15.45-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76,7 доллар болды.

Қазақстан бюджеті долларына 350 теңгеге тең жағдайда есептелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети