Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 318,27 теңгеге тең болды. Еске салайық, 9 наурызда доллар бағамы 316,88 теңге болған.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 317,7 теңгемен өтті. Максималдық құны - 319 теңге, ал минималдық құны - 317,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 68,6 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 317-319 теңге аралығында.
Мұнай бағасы 23 ақпанда Астана уақытымен 10.44-те сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,51 доллар болды.