Ұлттық валюта айтарлықтай нығайды

16 Қараша 2016, 11:27
10
Ұлттық валюта айтарлықтай нығайды -

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 339,45 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдыңғы сессияда, 15 қарашада доллар 344,16 теңгеге тең еді.

16 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 340,5 теңгемен басталды. Шетел валютасының минималдық құны 338,8 теңге болды. Максималдық құны 340,5 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 34,6 миллион доллар болды. Kurs.kz мәліметінше, доллар айырбас орындарында 339-340,5 теңге аралығында бағаланып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін теңге қатарынан бес күн бойы әлсіреген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай