© Амир Абдулхаимов
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 23 қарашадағы таңғы саудасында 329,97 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 23 қарашадағы таңғы саудасында 329,97 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
23 қарашадағы таңғы сауданың максималдық құны 330,11 теңге болды, ал минималдық құны - 329,97 теңге. Сауданың жалпы көлемі 51,800 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 328-331 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 11.24-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,15 доллар болды.