Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 6 желтоқсандағы таңғы саудасында 333,23 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 6 желтоқсандағы таңғы саудасында 333,23 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 333,25 теңгемен өтті. Минималдық құны 333,10 теңге болды, ал максималдық құны - 333,30 теңге. Сауданың жалпы көлемі 46,400 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 332,5-334,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен 11.15-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 62,60 доллар болды.