Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 12 қыркүйектегі таңғы саудасында 338,29 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 11 қыркүйектегі таңғы сессияда доллар бағамы 336,05 теңге болған еді.

12 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 337,39 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны - 338,29 теңге. Сауданың жалпы көлемі 64,9 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 337,7-339 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 11.00-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 53,76 доллар болды.