21 қыркүйек 2018 16:34

Ұлттық валюта бағамы долларына 353 теңгеге әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі саудасының нәтижелері бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 353,34 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 21 қыркүйек таңғы сессияда бір доллар 352,09 теңге болған еді.

21 қыркүйек күндіз ең бірінші сауда 350,05 теңге бағасымен өтті. Ең төменгі баға - 349,50 теңге. Ал ең жоғары баға 356,20 теңге болды. Соңғы келісім 355,99 теңгемен жасалды. Сауданың жалпы көлемі 81,150 миллион долларға жетті.

Kurs.kz деректері бойынша, ақша айырбастау орындарында ұлттық валюта 355-360 теңгеге бағаланған. Астана уақыты бойынша сағат 15.35-тегі жағдайға сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 79,370 доллар.

Соңғы рет теңгенің бағамы 11 қыркүйекте құлдыраған еді. 12 қыркүйектен бастап нығая бастаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети