Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 328,43 теңгеге тең болды. Еске салайық, 16 сәуірде доллар бағамы 330,07 теңге болған.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 329 теңгемен өтті және осы ең максималдық құны болды, ал минималдық құны - 327,51 теңге. Сауданың жалпы көлемі 91,5 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 325-330,5 аралығында.
Астана уақытымен 11.00-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 71,70 доллар болды.