1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Ұлттық валюта нығая бастады10 қараша 2016, 11:23

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларына 339,05 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейінгі сауда 341,1 теңге көрсеткішімен жабылған еді. 

10 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 339,75 теңгемен жасалды. Ал ұлттық валютаның минималдық құны 338,4 теңгеге жетті. Максималдық құны - 339,8 теңге. Сауда көлемі 42 миллион долларға жетті. Ұлттық валютаның бағамы, Kurs.kz мәліметінше, 338.8-339,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.