Ұлттық валюта бағамы 31 наурыздағы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 313,76 теңгеге тең болды. Еске салайық, 30 наурыздағы күндізгі сессияда доллар бағамы 314,79 теңгеге тең еді.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 314 теңгемен өтті. Максималдық құны 314,05 теңге болды, ал минималдық құны - 313,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 68,9 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 313,5-314,5 аралығында.