Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 316,52 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 3 наурызда доллар бағамы 317,68 теңге болған.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 316,52 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 3 наурызда доллар бағамы 317,68 теңге болған.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 316,5 теңгемен өтті. Максималдық құны - 316,8 теңге, ал минималдық құны - 316 теңге. Сауданың жалпы көлемі 22,5 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 316-317.5 аралығында.
Мұнай бағасы 23 ақпанда Астана уақытымен 10.44-те сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 55,69 доллар болды.