Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 11сәуірдегі таңғы саудасында 311,45 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі сессияда доллар бағамы 313,21 теңгеге болған еді.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 311,5 теңгемен өтті. Минималдық құны - 311,35 теңге болса, максималдық құны 311,8 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 29,6 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 311- 311,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. 107 келісім жасалды.