Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,89 теңгеге тең болды. Еске салайық, 18 мамырда доллар бағамы 313,53 теңге болған.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 312,4 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 313,4 теңге. Сауданың жалпы көлемі 38,45 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312.3-313,9 аралығында.
Мұнай бағасы 19 мамырда Астана уақытымен 11.08-де сәл көтерілді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,93 доллар болды.