Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 324,73 теңгеге тең болды. Еске салайық, 12 ақпанда доллар бағамы 327,97 теңге болған.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 325,70 теңгемен өтті және осы ең максималдық құны болды, ал минималдық құны - 323,94 теңге. Сауданың жалпы көлемі 192,9 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 323-326,5 аралығында.
13 ақпанда Астана уақытымен 11.06-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 62,98 доллар болды.