Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 7 қыркүйектегі күндізгі саудасында 335,55 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, таңғы сессияда доллар бағамы 338 теңге болған еді.

7 қыркүйектегі күндізгі сауданың бірінші келісімі 338,3 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны 334,53 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 164,950 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 335-338 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 15.35-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54,62 доллар болды.