03 ақпан 2016 11:18

Ұлттық валюта тағы да 9 теңгеге әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясында ұлттық валюта долларға қатынасында 377,96 теңге көрсеткішінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


KASE қор биржасының таңғы сессиясында ұлттық валюта долларға қатынасында 377,96 теңге көрсеткішінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші келісімдер 373,20 теңгемен жасалды. Бұл минималдық құны болып тіркелді. Ал максималдық құны 381,50 теңгеге жетті. Сауда көлемі 40,05 миллион долларға тең. Ақша айырбастау пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, шетел валютасы 377-383 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске салайық, кеше, 2 ақпанда мұнайдың арзандауының фонында ұлттық валюта 9 теңгеге әлсіреген болатын. Астана уақыты бойынша, 2 ақпандағы 00.00 жағдайында, "РБК" мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 33,98 доллар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети