1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 336 теңгеге тең болды

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 2 тамыздағы таңғы саудасында 336,06 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2 тамыздағы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 335,72 теңгеге тең болған еді.

Таңғы сауданың максималдық құны - 336,4 теңге болды, ал минималдық құны - 334,9 теңге. Сауданың жалпы көлемі 138,95 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 336,5-340 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақыты бойынша сағат 10.42-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,16 доллар болды.