02 тамыз 2016 11:39

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 353-ке тең болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Ұллтық валютаның долларға шаққандағы құны таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша 353,26 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір күн бұрын сауда 352,24 теңгемен аяқталған болатын.

Сауда көлемі 58,9 миллион долларды құрады. Доллар 353-тен 353,5-ке дейін саудаланды. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 42,28 доллар болды.

Еске салайық, Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Айдар Қалиасқар ұлттық валюта долларға қатынасында осы аптада 380 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін деген болжам айтқан болатын. Оның айтуынша, америкалық статистиканың әсерін ұмытпау керек: егер еңбек нарығы бойынша мәліметтер қуатты болып шықса, доллар нарықтың барлық спектрі бойынша күшейеді. Осылайша, апта соңында доллар/теңге жұбының 360 және әрмен қарай 380 доллар көрсеткішіне дейін түсуі ықтимал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети