Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.65
EUR / KZT - 397.66
CNY / KZT - 50.73
RUB / KZT - 5.74

Валюта нарығында құбылмалылық сақталып отыр - Данияр Ақышев

19 Қыркүйек 2017, 15:49
0

Орта мерзімді перспективада ұлттық валютаның бағамын айқындайтын оң іргелі факторларға қармастан валюта нарығында құбылмалылық сақталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев баспасөз және телевизиялық БАҚ-тың бас редакторларымен кездесу барысында айтты. "Деловой Казахстан" республикалық экономикалық газеті кездесудің қоса ұйымдастырушы болды. 

"Шетел валютасына девальвациялық күтулер себепші болған артық сұраныстың нәтижесінде теңге 14 қыркүйектегі жағдай бойынша бір доллар үшін 337 теңгеге дейін 0,3 пайызға әлсіреді. Жыл басынан бері 1,4 пайызға әлсірегені байқалып отыр", - деді Ақышев.

Ол тамызда және қыркүйектің басында шетел валютасына ұсыныстың жетіспеуі жағдайында Ұлттық Банктің оның сатушысы ретінде болғанын атап өтті. Тамызда Ұлттық Банктің нетто-өктемдігінің көлемі 70 млн. АҚШ долларын құрады. 

"Ұлттық Банктің болжамы бойынша теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы, егер мұнайдың бағасы бір баррель үшін 50 АҚШ долларынан төмендемесе, ал Ресей рублінің  бағамы бір АҚШ доллары үшін 59-60 рубльден аспаса, ағымдағы деңгейде сақталатын болады", - деді Ақышев.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің басшысы елдің алтынвалюта резервтерінің өскені туралы айтты: "Алдынала деректер бойынша олардың сегіз айда өсуі 32,9 миллиард АҚШ долларына дейін 11,6 паыйзды құрады. Ұлттық қордың 58 млрд. АҚШ долларына жуық активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 2017 жылғы тамызда 91 милилард. АҚШ долларына немесе ІЖӨ-нің 61 пайызына жетті".


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай